Тулебаева Айдынгул Тойбазаровнаның 8D017 бағыты бойынша - Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау 8D01721 (6D011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Сыр бойы ақын-жыраулары...
More
Тулебаева Айдынгул Тойбазаровнаның 8D017 бағыты бойынша - Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау 8D01721 (6D011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Сыр бойы ақын-жыраулары поэзиясындағы философиялық дүниетаным және педагогикалық көзқарастар» тақырыбында дайындалған диссертациясына АҢДАТПА Зерттеу тақырыбы: «Сыр бойы ақын жыраулары поэзиясындағы философиялық дүниетаным және педагогикалық көзқарастар». Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ақын-жыраулар поэзиясы – ұлттық әдебиеттің кең арналы бастау бұлақтарының бірі, негізгі арнасы. Қазіргі әлемдік әдебиетпен иық тірестіретін классикалық қазақ әдебиетін ақын- жыраулар поэзиясынсыз елестету мүмкін емес. Өзінің даму тарихында суырып салмалық пен жазба әдебиеттің тізгінін тең ұстаған ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ ақын-жыраулары ұлттық сөз өнерінің дамуына ерекше қызмет етті. Поэтикалық ерекшелігі мен сипатына байланысты әдебиеттану ғылымында дәстүрлі ақынд
Less