АҢДАТПА (АННОТАЦИЯ) ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ Аннотация немесе аңдатпа – кітаптың, мақаланың, қолжазбаның мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама [1]. Аңдатпа кітаптың, не мақаланың бірінші бетінде орналасады. Аңдатпаның...
More
АҢДАТПА (АННОТАЦИЯ) ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ Аннотация немесе аңдатпа – кітаптың, мақаланың, қолжазбаның мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама [1]. Аңдатпа кітаптың, не мақаланың бірінші бетінде орналасады. Аңдатпаның көлемі, оның түріне қарай бөлінеді. Мәселен, кітапқа берілетін аңдатпа 1 сөйлемнен де тұруы мүмкін, я болмаса 1 бетке дейін жетуі мүмкін. Ал ғылыми мақалаға берілетін аңдатпа 500 әріптен немесе 7-8 сөйлемнен тұрады. Сонымен қатар ғылыми жобаға және диссертацияға жазылатын аңдатпалар да бар. Ғылыми жобаға арналған аңдатпа 1-3 бет көлемінде болса, диссертациялық жұмыстың аңдатпасы 3-7 бет көлемінде болады. Кітапқа аңдатпа жазу барысында мындай элементтерді ескеріңіз: Библиографиялық деректер. Мұнда, кітаптың толық атын (кітап атауынан кейін нүкте қойыңыз), автордың аты-жөнін (аты-жөнінің алдында таяқша қойып, артынан нүкте қойыңыз), шығарылған қаласын (қаланың алдында сызықша қойып, қос нүкте қойыңыз), баспасын (баспа атауын тырнақшағ
Less