Төр Алтайдың тарихын зерделеген Төр Алтайдың тарихын білгің келсе, жазушы, зерттеуші, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тоқтарбек Мағзұмовтың шығармаларын оқыған дұрыс. Тегінде, дәл осы қаламгердей Төр Алтайдың тарихына ешкім де терең бойлай қойған жоқ....
More
Төр Алтайдың тарихын зерделеген Төр Алтайдың тарихын білгің келсе, жазушы, зерттеуші, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тоқтарбек Мағзұмовтың шығармаларын оқыған дұрыс. Тегінде, дәл осы қаламгердей Төр Алтайдың тарихына ешкім де терең бойлай қойған жоқ. Жақында ғана Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада өткен жазушымен кездесудің «Төр Алтай тарихын зерделеген» деп аталуы да әсте тегін болмаса керек. Бір атап айтарлығы, Тоқтарбек Мағзұмов – «Алтайдың жыршысы» атанған жазушы Оралхан Бөкейдің туған жиені. «Үйдің жақсысы ағашынан, жігіттің жақсысы нағашыдан» дейді қазақ. Шығыста Тоқтарбек Нұржақыпұлын Оралхан Бөкейдің жиені болғаны үшін ғана төбеге көтеріп, құрмет көрсететіндер жетерлік. Дегенмен, Тоқтарбек Мағзұмов – қазіргі қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегі бар жазушы. Ұзақ уақыт өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында еңбек етсе де, Тоқтар Нұржақыпұлы қызмет қарбаласынан қолы қалт еткенде, қолына қаламы мен қағазын алып әдебиет пен тарихқа да үлкен үлес қосыпты. Өзі
Less