Қазақ драматургиясында Оралхан Бөкей есімі айрықша аталады. Өткен ғасырдың 70-жылдарында сахна әлеміне енген суреткердің өнер саласына әкелген жаңалығы мол. «Құлыным менің», «Қар қызы», «Текетірес», «Зымырайды пойыздар», «Жау тылындағы бала», «Жанар», «Атау...
More
Қазақ драматургиясында Оралхан Бөкей есімі айрықша аталады. Өткен ғасырдың 70-жылдарында сахна әлеміне енген суреткердің өнер саласына әкелген жаңалығы мол. «Құлыным менің», «Қар қызы», «Текетірес», «Зымырайды пойыздар», «Жау тылындағы бала», «Жанар», «Атау кере» сынды сахналық туындылары – Оралхан Бөкейдің драматург ретіндегі жұлдызын жарқырата түскен шоқтықты шығармалар. Рас, Оралхан Бөкейді оқырмандарының негізгі бөлігі жазушы, сырлы суреткер деп таниды. Драматург ретіндегі бағы мен бабы көп жағдайда осы жазушылығының көлеңкесінде көмескі тартып қалып жатқандығы жасырын емес. Оның себебі де жеткілікті. Біріншіден, драмалық туындыларының көп бөлігінің әдеби шы-
Less