Кеңгір-тұра – Тасқорған – Өскемен Шыңырау түбінде қалған тарихи құндылықтарды шыңға шығаратын мезгіл жеткен сияқты. Өткенге мұрағат, ұрпаққа ұлағат қалдыру әрбір адамзат баласы үшін, қала берді халқымыздың тарихы үшін қажетті құндылық деп түсіну...
More
Кеңгір-тұра – Тасқорған – Өскемен Шыңырау түбінде қалған тарихи құндылықтарды шыңға шығаратын мезгіл жеткен сияқты. Өткенге мұрағат, ұрпаққа ұлағат қалдыру әрбір адамзат баласы үшін, қала берді халқымыздың тарихы үшін қажетті құндылық деп түсіну заманымыздың талабы. Біз осы күні бүгінге дейін өткенімізге бойлап тереңдеп бара алдық па, ол жағы белгісіз. Әлде соны ойлап саралай білуге әлі де уақыт құрғыр жетпеген секілді. Өткен өмір, болашақ өмірдің жалғасы кешегісі емес пе?! Өз халқымыздың тарихын қайтадан жаңғырту, өткен заманның артық-кемінен арылтып таза күйінде өскелең ұрпақтың санасына жеткізу мынау жаңғырған тәуелсіздік заманымыздың басты мәселесі болуға тиіс. Жан-жағымызға зер салып қарап, төңірегіміздегі барымызды түгендеу, жоғалтқанымызды іздеп орнын толтыру, шашырап көнеленген тарихымызды жаңғырту – халқымыздың игілігіне жарату екенін біздер ұмытпауымыз қажет. Осынау төл тарихымызды танып түсіну үшін өткенге үңілу, егемен елдің талабынан туындайды. Ол өткен тарихымыздың қоспас
Less