Қасқатаудың етегінде бір топ суретші керілген кенептерін алып шығып, этюд жазуға кіріскен. Жазып отырған картинасы ерекшеленіп тұрған соң, Сейсенхан ағаны әңгімеге тартқам. – Жуықта теледидардан Оралхан Бөкейдің жастармен кездесуін көріп пе едің? – деп...
More
Қасқатаудың етегінде бір топ суретші керілген кенептерін алып шығып, этюд жазуға кіріскен. Жазып отырған картинасы ерекшеленіп тұрған соң, Сейсенхан ағаны әңгімеге тартқам. – Жуықта теледидардан Оралхан Бөкейдің жастармен кездесуін көріп пе едің? – деп Сейсенхан аға алдымен өзіме сұрақ қойды. – Көргем, – дедім. – Сондағы Оралханның әңгімелеріне иллюстрация жасап, жазушыға табыстаған бұйра шашты жігіт мен едім, – деді де палитрадағы бояуларын араластыра бастаған. – Демек, Оралхан Бөкеймен жақын араластыңыз ғой… – Оралханның шапағаты көп тиді маған. Романтик жазушы еді. Мектепте оқып жүрген кезім. Сонда \”Мәдениет және тұрмыс\” журналына \”Қасқыр ұлыған түнде\” деген әңгімесі шықты. Ол журналдың тиражы миллионға жуық. Ауылдағылардың бәрі сүйіп оқитын. Сондағы жазушының «Алтайдағы бүкіл қасқырды қырып тастар ма еді» деген сөздері қатты әсер етіп, әңгімесіне иллюстрация жасаған едім. Кейін журналистика факультетіне түстім. Бір күні Оралхан Бөкеймен кездесу болатынын естідік. Қуанғанымызды-
Less