Былтыр жазда Катонқарағайға жол түскен. Сол сапарда Шыңғыстай ауылында болып, Оралхан Бөкейдің мұражайын аралаған едік. Бізді әдеттегідей мұражаймен жазушының кішкентайдан бірге өскен жақын досы Аманжан Нұқсарин ағамыз таныстырды. Мұражайды аралап болып,...
More
Былтыр жазда Катонқарағайға жол түскен. Сол сапарда Шыңғыстай ауылында болып, Оралхан Бөкейдің мұражайын аралаған едік. Бізді әдеттегідей мұражаймен жазушының кішкентайдан бірге өскен жақын досы Аманжан Нұқсарин ағамыз таныстырды. Мұражайды аралап болып, сыртқа шыққан кезде Аманжан аға мені оңашалап алып: «Ұлым, өзіңе айтар бір сырым бар еді. Мұны көп адам білмейді. Жасымыз да біразға келіп қалды. Жасырып жүре бергеніміз жарамас. Мен айтпасам да, түбі басқа біреулер айтады ғой. Оралхан Бөкейдің Қабашок деген інісі бар. Жерлестері, ауылдастары оны осылай атайды, шын аты - Қабылбек. Фамилиясы - Төлебаев. Бұрын осы ауылда тұрған. Кейіннен Белқарағайға көшті. Қазір Өскеменнің іргесіндегі Ушанов деген ауылда тұрады. Әдірісін білмеймін. Өскемен жаққа көшерінде әйелі екеуі мұражайға арнайы соғып, құран оқытып кетіп еді. Мұны ағасын іздегені деп түсіндім. Іштегі сырын айтқысы келетін секілді. Не десек те, бұл да бір тағдыр ғой. Егер жазам десең, сол ауылдан тауып аларсың» деген-ді. «Оралхан Бө
Less