АЛТАЙ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛАДЫ БІР АҢЫЗ Катонқарағай жері –тума таланттар мекені екеніне ешкім де шек келтірмейді. Қазақ өнерінің басқа салаларын былай қойғанда ұлттық әдебиеттегі орны бөлек тұлғалар Қалихан Ысқақ, Оралхан Бөкей, Әлібек Асқаров, Дидахмет Әшімхан...
More
АЛТАЙ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛАДЫ БІР АҢЫЗ Катонқарағай жері –тума таланттар мекені екеніне ешкім де шек келтірмейді. Қазақ өнерінің басқа салаларын былай қойғанда ұлттық әдебиеттегі орны бөлек тұлғалар Қалихан Ысқақ, Оралхан Бөкей, Әлібек Асқаров, Дидахмет Әшімхан туған өлкеде басқа да таланттар келіп жатса оған таң қалудың жөні жоқ шығар. Осы Катонқарағайдың әдебиетке келген кейінгі толқыны, Оралхан Бөкейдің жиені –Тоқтар Мағзұмов өз кітабын ұсынғанда ел мен жердің қасиетті киесі тағы бір ұрпағына жол сілтеген екен деп ойларсың. Еліміз егемендік алғаннан кейін ел тарихы, жер тарихына қалам тербеп ұлт руханиятының өрісін өркендететін ұлт дамуының үш тағаны ұлттық сана, ұлттық тәрбие, ұлттық тілді ұрпақ санасына қалыптастыруға еңбек еткен жазушылардың ішінде Тоқаңның орны ерекше. Қазақ әдебиетіне өзіндік өрнегі мен суреткерлік болмысын сала келген, өзінің адами қалыбын сақтап, тарих пен қалам алдындағы жақын достарға деген адалдығынан танбай өмір сүріп келе жатқан Тоқаң жайлы ой өру, пікір жазу үші
Less