ЖЕТІ ИРЕКТІ ЕРТІС Халық ауыз әдебиетіндегі көне заманда болған ертек-аңыздардағы оқиғалар үнемі сонау-сонау соны меңіреу заманда, арғы-арғы, аңғырт тұйық алаңда жалғыз жаратушы «Жасаған», «Алла тағала» он сегіз мың ғаламды алты-ақ күнде жаратқан екен деп...
More
ЖЕТІ ИРЕКТІ ЕРТІС Халық ауыз әдебиетіндегі көне заманда болған ертек-аңыздардағы оқиғалар үнемі сонау-сонау соны меңіреу заманда, арғы-арғы, аңғырт тұйық алаңда жалғыз жаратушы «Жасаған», «Алла тағала» он сегіз мың ғаламды алты-ақ күнде жаратқан екен деп басталады. Оның алты мың ғаламын жанды, он екі мың ғаламын жансыз етіпті. Жансыз ғалам жер бетінде жаралған кезең болса керек. Осы кезде қазақ елінің шығысында Алтай таулары пайда болыпты- мыс. Бүгінде қалың жұртшылық осы тауды Қарт Алтай дейтіні осы сөзіміздің дәлелі іспеттес. Қарт Алтайды жаратқаннан кейін оның ізбасар ұрпақтары секілді Тарбағатай, Сауыр, Сайқан, Қалбатау тағы сол сияқты жоталары тізбектеліп бірінен соң бірі шығыс елінің шекараларын қоршай сонау Ібір- Сібір жұртына бет алған тау сілемдерінің қойнаулары толған тарих екені күллі жаһанға әйгілі. Тарих қатпарларындағы аңыз-әңгімелер жылдар жылжы, айлар айналғанда біртіндеп қылаң бере бастады. Қарт Алтайды мекендеген ежелгі қазақ жұрты бүгінге дейін оны Өр Алтай және Төр
Less