Ойлы жазушы Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы көзі қарақты оқырманның көбіне таныс. Үтір-нүктесіне тоқталмасақ та, біз бен сізді Тағанның тағдыры әлемтапырақ күйге түсіргені даусыз-ау! Ол үнемі «Біз осы неге?» деген сауал тастап барып күйінішін күй қылып...
More
Ойлы жазушы Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы көзі қарақты оқырманның көбіне таныс. Үтір-нүктесіне тоқталмасақ та, біз бен сізді Тағанның тағдыры әлемтапырақ күйге түсіргені даусыз-ау! Ол үнемі «Біз осы неге?» деген сауал тастап барып күйінішін күй қылып толғаушы еді ғой. Бүгінгі таңда кез келген мәселеге Тағанның көзімен қарайтын болсақ, сол сауалды бір емес, жүз, тіпті мың мәрте қоятынымыз анық. Таған демекші, біз осы ретте ұмытылып бара жатқан, «Ағайын – ырысың, көрші – тынысың» деген қазақтың қонақжайлық қағидасына үңілмекпіз. Біз осы неге халық құндылығын құнттамай келеміз? Бабалардың басқан ізіне үңіліп, олардың ғибратты ғұмырын жыр қылғанда тамсанып, таңданып алатынымыз анық. Бірақ рухани қазынаға қалай кенелгенін, халқын сүйіп, адамзатты бауыр көріп, ағайынын құрметтеп, көршімен тонның ішкі бауындай етене болғандығының сырына қаныққымыз келмейтіндей көрінеді. Бұл көпке қаратып айтқан сөз, «жапқан жала, жаққан күйе» емес. Сол көпті көлегейлейтін, «бір қарын майды шірітер» жанд
Less