МЕРЕЗ АУРУЫ Жинақтаған: Гартун Никита Орыс тілінде оқытылатын 7 «А» сыныбының оқушысы Жетекшісі: 7 «А» сыныбының сынып жетекшісі Каниева Гулден Умиртаевна ҚР Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы №87 негізгі орта мектебі Мерездің қоздырғышы — бозғылт спирохета...
More
МЕРЕЗ АУРУЫ Жинақтаған: Гартун Никита Орыс тілінде оқытылатын 7 «А» сыныбының оқушысы Жетекшісі: 7 «А» сыныбының сынып жетекшісі Каниева Гулден Умиртаевна ҚР Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы №87 негізгі орта мектебі Мерездің қоздырғышы — бозғылт спирохета (бледная спирохета). Әлгінде ескерткеніміздей, ол негізінен жыныстық қатынас арқылы жұғады. Алайда кейде басқа жағдайда да ұшырап қалуыңыз ғажап емес. Мәселен, мерезге шалдыққан кісімен сүйіскенде, бір ыдыс-аяқпен ас-су ішкенде, шылымының қалдығын тартқанда, т.б. Ауру жұққанан кейін білінгенше арада 3-4 аптадай уақыт өтеді. Бұл мезгіл сырқаттың жасырын кезеңі, инкубациялық кезең деп аталады. Бірақ мерезге ұшыраған адам осы "жасырын кезеңнің" өзінде-ақ басқалар үшін қауіпті, оның ауруы өзгелерге жұға береді (мысалы, төсектес жұбына). Қалай білінеді? Алдымен дененің микроб енген тұсына кішкентай жара шығады. Бұл жараны "қатты шанкр" дейді. Осы қатты шанкрға таяу лимфа түйіндері ісініп, ұлғаяды. Мерездің бастапқы кезеңіне тән белгілер,
Less