тынысы aktogai_red@mail.ru Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым Әлихан Бөкейхан: «Әуелі газета–халықтың көзі, құлағы һәм тілі» Тоқырауын Газет 1938 жылғы 15 тамыздан шығады №36 (7510) ЖҰМА, 21 тамыз, 2015 жыл Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам»...
More
тынысы aktogai_red@mail.ru Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым Әлихан Бөкейхан: «Әуелі газета–халықтың көзі, құлағы һәм тілі» Тоқырауын Газет 1938 жылғы 15 тамыздан шығады №36 (7510) ЖҰМА, 21 тамыз, 2015 жыл Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүйелі түрде жүзеге асыруға, тәуелсіздігімізді және мемлекеттілігімізді нығайтуға, әлемдік қаржылық экономикалық дағдарыстан барынша аз зардаппен шығуға бағыт сілтейтін, яғни еліміздің жарқын болашағына кең жол ашатын өте маңызды құжат болып табылады. Аталған реформа жарияланғалы бері ол халықтың кең қолдауына ие болып үлгерді. Барша қазақстандықтар оны ұлы халықтық реформа ретінде елімізді әлемдік ұлы шыңдарға шығаратын жол екенін түсініп, ерекше жылы қабылдады. Сол себептен оны орындау да айрықша міндет екенін әрбіріміз түсінуге тиіспіз. Мұндай барлық бағыт-бағдары көрсетілген, болашағы нақтыланып, нәтижесі айқындалған берекелі істің игілігінен ешкім де бас тартуы тиіс емес. Бұл жолда бәріміз жұмыла жұмы
Less