тынысы aktogai_red@mail.ru Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым Әлихан Бөкейхан: «Әуелі газета–халықтың көзі, құлағы һәм тілі» Тоқырауын Газет 1938 жылғы 15 тамыздан шығады №30 (7504) ЖҰМА, 10 шілде, 2015 жыл Астананың Арқаға көшкеніне 17 жыл толу...
More
тынысы aktogai_red@mail.ru Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым Әлихан Бөкейхан: «Әуелі газета–халықтың көзі, құлағы һәм тілі» Тоқырауын Газет 1938 жылғы 15 тамыздан шығады №30 (7504) ЖҰМА, 10 шілде, 2015 жыл Астананың Арқаға көшкеніне 17 жыл толу мерекесі Ортадересін ауылдық округінде салтанатты жиынмен басталып, ауыл әкімі Б.Саданов игі шара басына жиналған жұртқа мерекелік құттықтауын арнады. Сонымен қатар, аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына жазғы демалыстарын көңілді өткізсін деген тілекпен жасөспірімдерге арналған кітаптар жинағын сыйға тартты. Ұлық мереке ауыл өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты. Түстен кейін Ортадересін ауылдық орта мектебінің спорт залында ауыл жастары арасында арқан тартыс, асық ату және тоспа доптан достық кездесу өткізілді. Жергілікті кәсіпкер, «Мәдина» шаруа қожалығының жетекшісі Б.Кркуров жарыс жеңімпаздарына сый-сияпаттар жасап, ауыл мектебіне 6 дана күрес матысын тарту етті. Астана – бүгін өскелең қала. Кемел де
Less