тынысы aktogai_red@mail.ru Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым Әлихан Бөкейхан: «Әуелі газета–халықтың көзі, құлағы һәм тілі» Тоқырауын Газет 1938 жылғы 15 тамыздан шығады №22 (7549) ЖҰМА, 3 маусым, 2016 жыл 4 маусым–Мемлекеттік Рәміздер күні 30 мамыр...
More
тынысы aktogai_red@mail.ru Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым Әлихан Бөкейхан: «Әуелі газета–халықтың көзі, құлағы һәм тілі» Тоқырауын Газет 1938 жылғы 15 тамыздан шығады №22 (7549) ЖҰМА, 3 маусым, 2016 жыл 4 маусым–Мемлекеттік Рәміздер күні 30 мамыр күні облыс әкімі Н.Әбдібеков кеңейтілген бейнеселекторлық кеңес өткізіп, күн тәртібінде жер қойнауын пайдалану саласындағы ағымдағы ахуал, қой шаруашылығын дамытудың шебер жоспарының орындалысы және 2016 жылға арналған балалар мен жасөспірімдердің жазғы бос уақытын өткізу, демалу-сауықтыруын ұйымдастыру туралы мәселелер көтеріліп, тиісті сала басшылары ақпар жасады. Күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігіне байланысты үнемі назарда ұсталынатындығы және бұл облысымызға қатысты барлық кент, аудандарға қатысты екендігін аймақ басшысы қорытынды сөзінде атап өтті. Облыстық бейнеселектордан соң аудан әкімі С.Әбеуова аппараттық кеңес өткізді. Онда, «2016 жылға арналған балалар мен жасөспірімдердің жазғы бос уақытын тиімді өткізу, демалу- сауық
Less