тынысы aktogai_red@mail.ru Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым Әлихан Бөкейхан: «Әуелі газета–халықтың көзі, құлағы һәм тілі» Тоқырауын Газет 1938 жылғы 15 тамыздан шығады №44 (7518) ЖҰМА, 16 қазан, 2015 жыл Аудан әкімдігінде Селекторлық кеңес 12 қазан...
More
тынысы aktogai_red@mail.ru Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым Әлихан Бөкейхан: «Әуелі газета–халықтың көзі, құлағы һәм тілі» Тоқырауын Газет 1938 жылғы 15 тамыздан шығады №44 (7518) ЖҰМА, 16 қазан, 2015 жыл Аудан әкімдігінде Селекторлық кеңес 12 қазан күні облыс әкімі Н.Әбдібеков кеңейтілген бейнеселекторлық кеңес өткізді. Күн тәртібінде «Инфляциялық үрдісті тежеу» мәселесі сөз болып, тиісті сала басшылары хабарлама жасады. Онда бүгінгі күні облыс бірнеше саланы ішкі өніммен қамтамасыз ету керек болғанымен, бағаның өсіп бара жатқаны туралы ақпарға қанықтық. Аймақ басшысы оның себебін тиісті басқарма басшыларынан сұрап, жауап алды. Инфляциялық үрдісті тежеу жолында олардың жұмыстарының баяу екендігін атап айтты. Ақпарды толық алған соң, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасының өспеуін қатаң бақылауға алуды айтты. Сондай-ақ, инфляциялық үрдісті тежеу жолында ауыл-қалаларда апта сайын өткізіліп келе жатқан жәрмеңкелерді жалғ
Less