Ақпараттық-библиографиялық бөлім. Акциясы аясында библиографиялық көрсеткіш Ақтоғой-2016 жыл. Қазақстанда биыл «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Ұлы ақын, жыраудың шығармалары таңдалды. Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз...
More
Ақпараттық-библиографиялық бөлім. Акциясы аясында библиографиялық көрсеткіш Ақтоғой-2016 жыл. Қазақстанда биыл «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Ұлы ақын, жыраудың шығармалары таңдалды. Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы Сандықтас өңірінде туып, 1871 жылы дүние салған. Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды. Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінің белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады. Ақын өзінің ұзақ ғұмырында шығармаларын аталған талаптарға қатаң бағындырып отырған. Оның бізге жеткен қомақты мұрасынан көркемдігі әлсіз орта қол туынды табу қиын. Абайдың өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттыларының бірі деп, Дулатты ауызға алуы тегін емес. Дулат туындылары Қазан төңкерісіне дейін халық арасына кең тараған. Дулат шығармашылығы еліміз егемендік алғаннан
Less