БИ ҺӘМ БИЛІК Әлихан Бөкейхан, көрнекті қоғам қайраткері Біздің газетаны оқушыларға мәлім, Ішкі істер министрі закон жобасын жаса- мақ, тәмам қазақтың, Түркістан, төрт Қыр облысы һәм Бөкейлік билігін өзгертпек. Би әділ болмай, жұрт оңбақ емес. Қайда ілгері...
More
БИ ҺӘМ БИЛІК Әлихан Бөкейхан, көрнекті қоғам қайраткері Біздің газетаны оқушыларға мәлім, Ішкі істер министрі закон жобасын жаса- мақ, тәмам қазақтың, Түркістан, төрт Қыр облысы һәм Бөкейлік билігін өзгертпек. Би әділ болмай, жұрт оңбақ емес. Қайда ілгері басқан жұртқа қарасақ, биі әділ, "Қазақ- та"жазылған еді: Берлин судиясы Германия патшасы Вилгелімді патша жерін жалдап отырған Зостқа жығып бергені, патша сенің пікірің законнан тысқары деп. Англия биі Берлин судиясыныңаржағын- да. Англияда Зост жұмысындай іспен дәме қылып би алдына бармайды да. Англия биі алдында жалғыз патшасының соқа басынан бөлек адам бәрі бірдей құрдас. Лондон су- диясы өлген Англия патшасы Едуарты, осы күнгі патшаның әкесі, патша емес, наслед- ник күнінде көшеде тентектік қылдың деп 14 күн абақтыға бұйырған. Қаңғырған биді, адасқан билікті малда- нып отырған жұрт, Англия биі-ай! - дегенде, ішкен асын жерге қояды. Англия биі, Англия билігі бірте-бірте не заманнан бері жақсылыққа жақсылық жама- лып болған. Біз ор
Less