Тәуелсіздік–ел мұраты аңсаған Тоқырауын Әлихан Бөкейхан: «Әуелі газета – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» тынысы Газет 1938 жылғы 15 тамыздан шығады aktogai_red@mail.ru Aktogai_red@mail.ru Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым №51 (7681) Жұма, 14...
More
Тәуелсіздік–ел мұраты аңсаған Тоқырауын Әлихан Бөкейхан: «Әуелі газета – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» тынысы Газет 1938 жылғы 15 тамыздан шығады aktogai_red@mail.ru Aktogai_red@mail.ru Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым №51 (7681) Жұма, 14 желтоқсан, 2018 жыл Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 16 желтоқсан – ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаз- дығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 27 жыл толып отыр. Бұл–тарих тұрғысынан қасқағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға жуық кезең. –Бұл күн тар жол, тайғақ кешуден өткен ұлы бабаларымызбен қатар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасындағы Қайраттар мен Ләззаттардың аңсаған арманы еді. Сондықтан да, Тәуелсіздік күні қазақтың бағы жанған күн, армандар орындалған күн. Осы күні біз аталар аманаты алдында, ел еркіндігі үшін қыршын кеткен боздақтардың рухы алдында әрқашан тағзым етемі
Less