тынысы aktogai_red@mail.ru Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым Әлихан Бөкейхан: «Әуелі газета–халықтың көзі, құлағы һәм тілі» Тоқырауын Газет 1938 жылғы 15 тамыздан шығады №47 (7521) ЖҰМА, 6 қараша, 2015 жыл 2 қараша күні облыс әкімі Н.Әбдібеков...
More
тынысы aktogai_red@mail.ru Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым Әлихан Бөкейхан: «Әуелі газета–халықтың көзі, құлағы һәм тілі» Тоқырауын Газет 1938 жылғы 15 тамыздан шығады №47 (7521) ЖҰМА, 6 қараша, 2015 жыл 2 қараша күні облыс әкімі Н.Әбдібеков кеңейтілген бейнеселекторлық кеңес өткізді. Онда «Елді мекендерді абаттандыру, күзгі тазалық айлығының қорытындысы», «Тұрғындарды жұмыспен қамту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру туралы» өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты сала басшылары ақпар жасады. Хабарламашылар көтерген мәселелерді талдап, оңды жұмыстар жүргізу керектігі айтылды. Жасалынған ақпар аясында тиісті қала, аудан әкімдеріне тапсырмалар берілді. Облыстық кеңейтілген селектордан соң, аудан әкімі Н.Омарханов аппараттық кеңес өткізді. Кеңесте «Аудан бойынша жергіліктіөзін-өзібасқаруды дамыту және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолмақол ақшаны бақылау шоттарымен жұмыс жүргізуді өзектендіру мәселелері туралы» Ақтоғай ауданының экономика және қарж
Less