Аудан әкімдігінде 27 мамыр күні облыс әкімі Н.Әбдібеков кеңейтілген бейнеселекторлық кеңес өткізді. Күн тәртібінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы, аудан әкімдері мен жеке кәсіпкерлер арасында тұрақты байланыс орнату, адамдардың жұмысқа орналасуы...
More
Аудан әкімдігінде 27 мамыр күні облыс әкімі Н.Әбдібеков кеңейтілген бейнеселекторлық кеңес өткізді. Күн тәртібінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы, аудан әкімдері мен жеке кәсіпкерлер арасында тұрақты байланыс орнату, адамдардың жұмысқа орналасуы мен еңбек құқығының қорғалуы және табиғи ресурстар мен тұрақты табиғат ресурстарын пайдаланудағы мемлекеттік қызмет барысы туралы мәселелер қозғалды. Қаралған мәселелерге байланысты тиісті сала басшылары ақпар жасады. Күн тәртібіндегі мәселеге орай облыс әкімі тиісті қала, аудан басшыларына тапсырмалар берді. Облыс әкімдігінен соң, аудан әкімі Н.Омарханов кеңейтілген аппараттық кеңес өткізді. Селекторлық кеңеске ауылдық округтер әкімдері қатысты. Күн тәртібінде облыстық бейнеселекторда айтылған жайға байланысты биылғы жылы ауданымызда тұңғыш рет өткізілгелі отырған ҰБТ-ге дайындық, алысжақын ауылдардан келетін балалардың орналасуы, олардың қадағалау орындарының үнемі бақылауында болуы тиісті адамдарға тапсырылды. Кеңейтілген аппарат
Less